Атырауда вакцина салдырғандардан вахтаға барарда ПТР тест талап етілмейді

Атырауда вакцина салдырғандардан вахтаға барарда ПТР тест талап етілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешеваның айтуынша, енді вахталық әдіспен жұмыс істейтін компаниялардың вакцина салдырған қызметкерлері жұмысқа барарда және шыққаннан кейін ПТР тест тапсырмайды.

«Бұл мәселеге қатысты вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардан көптеген шағым түсті. Енді жаңа қаулыға сәйкес, олар үшін кіру және шығу алгоритмі жеңілдетілді. Сонымен қатар, вакцина алған барлық қызметкер енді вахта аяқталғаннан кейін оқшауланбайды» - деді Әлия Бекешева.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынды.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521