Атырауда «WE TALK: жастарға берілетін мүмкіндіктер» кездесуі өтті

Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “We Talk: жастарға берілген мүмкіндіктер” тақырыбында кездесу өтті. Шараға 50 шақты қала жастары, жоғары және арнаулы оқу орнының студенттері мен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Кездесуге келген спикерлер сақтандыру және әлеуметтік қолдау, қайтарымсыз гранттардың қалай және кімдерге берілетіні, тұрғын үйге қол жеткізудің мүмкіндіктері, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар және кәсіпкерлікті дамытудың дұрыс бағыттары бойынша «TED Talk’s» форматында кеңестер берілді.

"Шараға “Отбасы Банк” кеңесшісі, Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің маманы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Атырау облысы бойынша филиал өкілдері, жұмыспен қамту және көші - қон бөлімінің бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бөлімінің басшысы қатысты. Мұндай іс-шаралар өңірде тұрақты өткізіліп тұрады. Жастардың қатысуы мен қызығушылығы да жыл сайын артып келеді",- деді Атырау қаласы жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Еркебұлан Мутигуллин.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ АОФ басшысының міндетін атқарушы Ернар Жұмағалиевтің айтуынша өңірде жас кәсіпкерлердің қатары көбейген. 2024 жылы облыста 915 кәсіпкерге субсидиялық көмек берілді, оны иемденгендердің 91-і — 18 бен 35 жас аралығындағы жастар.

"«Даму» қоры тарапынан жас кәсіпкерлерге көрсетілетін бірқатар көмек бар. Атап айтсақ, кәсібін жаңадан бастаған жоба аясында 2-ші деңгейлі банктен несие алса пайыздық мөлшерлемесін түсіруге мүмкіндік алады. Кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда біздің тараптан ұсынылады. Сонымен қатар жаңа басталған жоба мерзімі 3 жыл болса несие соммасының 85%-на дейін кепілдік ұсынуға болады",- деді Ернар Жұмағалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT