Атырауда ұзақ жыл отасқан ерлі-зайыптылар мен жас отбасыларға құрмет көрсетілді

 

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың қатысуымен өңірдегі Гауһар, Алтын, Күміс той иелері мен жас отбасылардың кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, көп жылдық өмірлік тәжірибесі бар өнегелі отбасыларды үлгі ету және отбасы институтын нығайту.

 

 

Дарын Шамұратов ұзақ жылдар бойы бір шаңырақ астында татулық пен сыйластықтың үлгісін көрсеткен отбасыларды мерейтойларымен құттықтап, аймақ  басшысы Серік Жамбылұлының атынан құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстады.

 

 

«Бүгінгі кездесудің басты мәні – ұрпақтар сабақтастығын сақтау, отбасылық берекенің қоғамдағы маңызын дәріптеу. Сіздердің өмір жолдарыңыз – жастарға үлкен өнеге», – деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.

 

 

Шара барысында әр отбасының өмір жолы баяндалып, жас отбасыларға үлгі ретінде таныстырылды. Сонымен қатар жас жұбайлар тәжірибелі отбасылардың ақ батасын алып, отбасылық өмірге қатысты жылы тілектермен бөлісті.

 

 

Кездесуге облыстың әр ауданынан келген 12 отбасы қатысты. Оның ішінде 8-і мерейтой иелері, 4-і жас отбасылар.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT