Құрамында мұнайы бар сарқынды судың "АМӨЗ-дің" ағынды суларына ағып кеткені анықталды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
1 қарашада Атырау облысының экология департаменті жергілікті қоғам өкілдерімен бірге Атырау қаласының экологиялық ахуалына мониторинг жасаған болатын. Мониторинг барысында анықталғанындай, "АМӨЗ" ЖШС-не тиесілі ағынды сулардың ағызу нүктесінде құрамында мұнай өнімдері бар Ағынды сулар қосылған. Биологиялық тазалау қондырғыларының жұмыс жасау кестесіндегі ауытқушылық мұнайы бар сарқынды судың ағып кетуіне себеп болы отыр. Шұғыл шара қабылдау мақсатында департамент аталған зауыт өкілдері мен зертханалық –талдамалық бақылау бөлімінің мамандарын қатыстыра отырып, ағынды сулардағы сынамаларды алу жүзеге асырылды. Алынған сол сынамалар бұдан әрі зертеулер жүргізу үшін департамент кеңсесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта "АМӨЗ"ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындау бойынша іс-шаралары жүргізілуде.
Баспасөз қызметі заң бойынша табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгілген авариялар туралы ақпаратты экологиялық департаментке 2 сағаттың ішінде хабарлауға міндетті екенін айтады. Алайда, зауыт өкілдері департаментке хабарламаған. Аталған факт, қоғам белсенділерімен бірлесе Атырау қаласының аумағындағы қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу барысында анықталыпты.