Атырауда жабылған жаттығу залдары кері ашылды

Атырау облысында жаттығу залдары, спорт секциялары және фитнес орталықтарының жұмысына тыйым салынған болатын.

Облыстағы мемлекеттік бас санитар бекіткен қаулыдағы тыйымға фитнес орталығының басшылары өз наразылықтарын білдіріп, жаттығу орнын мүлде жауып тастамай, жұмыс кестесі мен шартын өзгертіп беруін талап еткен еді. Осыған орай кеше жаңа қаулыға өзгерістер енгізілді.

Онда былай делінген: «Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық нормаларды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын, бірақ 50 пайыздан аспайтын бассейндердің қызметіне рұқсат берілсін. Сондай-ақ сағат 22.00-ге дейін жаттығу залдары, фитнес орталықтары, спорт секциялары, спорт-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін».                                                                                                                                                                  

  Байболат СҰҢҒАТОВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521