Атырау облысында 8-10 қаңтар күндері аралығында республикалық «Жалған нөмірлер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Мақсаты – автожолдарда мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ, жалған немесе қолдан жасалған нөмірлерді, сондай-ақ нөмірді тануға кедергі келтіретін құрылғылар мен материалдарды пайдаланып жүрген көлік құралдарын анықтау және жолын кесу.
Іс-шара барысында жалған нөмірлерді қолдану, тіркеу белгілерін өзгерту немесе жасыру фактілері анықталған жағдайда, заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылданады.
Құрметті жүргізушілер! Сіздерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралдарын заң талаптарына сай пайдалануға және қоғамдық қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырамыз.


