Атырауда жастарға арналған семинар-тренинг өтті

Атырау қаласында жастар арасында «Азаматтық және жастар орталықтарының әлеуметтік желілерде даму негіздері мен саясаты» атты семинар-тренинг өтті.

Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Инфоорталық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-тренингке Исатай ауданы бойынша аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Еркебұлан Зинеденов пен ерікті жас Данияр Махмудов қатысты. Әлеуметтік желіні сапалы жүргізу, жеке брендті қалыптастыру, контент арқылы дұрыс жұмыс жасау мақсат етілген семинарға әр аудандағы жастар орталықтары мамандары және штаттан тыс ерікті жастар шақырылды.

- Екі күнге созылған семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті. Тренер Алматы қаласының өкілі, SMM маманы Айым Жекенова – осы салада көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Семинар-тренинг барысында ол қатысушыларға контент арқылы жұмыс жасау, желіні сапалы жүргізу, жастарды әлеуметтік желіде тіркелушілер қатарына тарту жолдарын кеңінен сөз етті. Шараға қолдау білдірген Жастар саясаты мәселелері басқармасына және ұйымдастыру «Инфоорталық» қоғамдық бірлестігіне ризамыз, - деді Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Еркебұлан Зинеденов.

Әділбек Сырымов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT