Атырау қаласында жаяу жүргіншілер жолағынанавтокөлікке қағылған әйел адам облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ATPress.kz
Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлімдеді.
«4 тамыз сағат 11:30 шамасында 1963 жылы туған қоғамдық автокөлік жүргізушісі Құрманғазы көшесі бойында жол қауіпсіздігін қадағаламай, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 1988 жуған азаматшаны қағып құлатып, жол көлік оқиғасын жасаған. Соққы салдарынан алған дене жарақаты бойынша 1988 ж.т. азаматша жедел жәрдем автокөлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс құжаттар жинақталуда» делінген хабарламада.