Атырауда жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмыс берушілермен бірлескен форум өтті

 

Атырау облысының Мақат ауданында «Кәсіби маман: білім, тәжірибе және дағды» тақырыбында жұмыс берушілердің қатысуымен бірлескен форум өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылды.

Ашылу рәсімінде Мақат ауданының әкімі Азамат Мамбетов, НСОС компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сұңқар Құлжанов, Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының м.а. Света Аманшиева құттықтау сөз сөйлеп, жеке кәсіпкерлерге көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

«Бұл цех – болашақ жас мамандарымыздың кәсіби біліктілігін арттыруға, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына үлкен мүмкіндік. Жаңа өндірістік база жастардың сапалы білім алып, тәжірибе жинақтауына жағдай жасайды», – деді.

Форум барысында Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде НСОС компаниясының демеушілігімен «Токарь» және жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен «Аспаз» оқу-өндірістік цехтары ашылды. Жаңа цехтар жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына жол ашпақ.

Сонымен қатар форум аясында «Еңбек нарығының талаптары және кәсіби маман даярлау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар білім беру мен өндіріс арасындағы серіктестікті нығайту, заманауи талаптарға сай мамандарды даярлау мәселелерін талқылады.

Шара барысында студенттердің қолынан шыққан өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.

Форум соңында Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі "Atyrau Oil Serviсе" ЖШС "Казпетроинжиниринг" ЖШС, Т.Байсырымов атынданы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжімен екі жақты меморандумға қол қойды. Бұл құжат студенттердің тәжірибе алмасуына, дуалды білім алуына, жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT