Атырауда жол-көлік оқиғасын жасап, қашып кететіндер көбейді

Атырау қаласы аумағында жыл басынан бері жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған 224 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Хабарламада атап көрсетілгендей, соңғы аптаның өзінде осындай 12 әкімшілік іс тіркеліп, оның 3-еуіне қатысты әкімшілік шаралар қолдынылған. «10 қыркүйек сағат 10:00 шамасында Вокзал маңы 3 мөлтекаудан, 2 «а» үйдің алдында тұрған маркасы “Nissan Almera ” көлік құралын белгісіз автокөлік соғып, оқиға орнынан жасырынып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Алайда, полицейлер іздестіру барысында, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған "Lada Largus” автокөлігі анықтады. Оның 1997 жылы туған жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды» делінген жазбада.

Жол-көлік оқиғасын жасап, орнынан кетіп қалғаны үшін бұл азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 610 және 611-баптары бойынша жауапкершіліктер көзделген. Яғни, 610-бабының 1-бөлігі бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру, 611-бабының 2-бөлігі бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру көзделген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT