Бұл туралы АTPress.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
29 қаңтарға қараған түнгі сағат 00.15-те Махамбет ауданы Бейбарыс ауылының 1957 жылы туған тұрғыны ер азамат, кешкі сағат шамамен 19.30-да үйден шығып кеткен.
«Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерлерімен бірлесіп, Атырау облысы ТЖД 8 қызметкері, 2 іздеу иттері мен 2 бірлік техникасы шықты» делінген хабарламада.
АTPress.kz