Атырауда жыл басынан 300-ге жуық өрт тіркелді

Оның ішінде 128 өрт тұрғын үй секторында орын алған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.                                      

Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны Төремұрат Сатикенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинте мәлімдеді.

- Жылыту маусымы кезеңінде облыс аумағында тұрғын үй секторында 42 өрт орын алды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрт жағдайлары екі есеге көбейді. Қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында 2021 жылдың 15 тамызынан бастап 21 622 астам адамды қамтитын 9 793 тұрғын үйді аралап, түсінік жұмыстары жүргізілді,- деді ол.

Сонымен қатар, тұрғын үй секторын аралау барысында тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың үйлеріне жергілікті бюджет есебінен алынған улы газды анықтайтын 332 дабылқаққыш орнатылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521