Атырауда жыл басынан бері 170-ке жуық мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды (+ВИДЕО)

Автокөлікті мас күйінде жүргізу жол жүрісі саласындағы ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі болып есептеледі.

Себебі мас жүргізуші - ол қылмыскермен тең. Жыл басталысымен Патрульдік полиция қызметкерлерімен мас күйінде көлік басқарған 170-ке жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Мысалы, 18 сәуір күні сағат 19:05 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары #17 балабакшаның алдында тұрған ВАЗ-21099 маркалы автокөлігінің жүргізушісінің алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын байкаған. Біраз уакыттан кейін автокөлігімен Сатпаев данғылына қарай бағыт алған көлікті тоқтату мақсатында патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама беріліп, аталған автокөлік Тайманов-Сатпаев киылысынан токтатылған. Тексеріс барысында 32 жастағы көлік жүргізушісінің жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлімімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сурет: видеодан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521