Атыраудағы ауа құрамын енді телефоннан бақылауға болады

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасы негізінде, «Казгидромет» РМК-ны «AirKZ» мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы қосып, атмосфералық ауа сапасының мониторингі жөніндегі Атырaу қаласының экологиялық бекеттері бойынша ақпаратқа қолжетімді етіп қолдануға берген болатын.

Қосымшаны әзірлеу барысында «Казгидромет» РМК-ны оны барынша қарапайым және пайдалы етуге тырысып, мұндағы көрсеткіштерді әр сағат сайын жаңартылып отыратындай жұртшылыққа қолданысқа ұсынды.

Қазіргі таңда, осы бағытта халыққа қолжетімді ету мақсатында, «Казгидромет» РМК-ның Атырау филиалы AirKZ мобилді қосымшасында ұсынылған атмосфералық ауаның жағдайы жөніндегі мәліметтерді Атырау қаласының жұртшылығына LED-экрандарында орналастырып ұсынуда.

Осы жағдайда Атырау қаласының тұрғындары атмосфералық ауаның жағдайы жөніндегі мәліметтерін Атырау қаласының Қ.Сатпаев көшесіндегі 4 ЛЭД экрандарынан көре алады.

atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521