Атыраудағы түзету мекемесінде мереке кең көлемде аталып өтті

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің УГ-157/11 мекемесінде (әйелдер колониясы) «30-тамыз Қазақстан Республикасының  Конституция» күні мерекесіне орай жазасын өтеуші сотталғандарға арналған мерекелік іс-шара барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып  өткізілді.

Мерекелік іс-шара  ашылу салтанаты  Қазақстан Республикасының ән ұранымен ашылып, Мекеме бастығының орынбасары әділет капитаны Медет Серикбайұлының құттықтау сөзімен басталды.

Жоспарға сай мерекелік шара сотталғандар арасында спорттық сайыстан басталды. Волейбол, көңілді старт және шахмат пен шәшкі ойындары ойналды. Мерекелік шараны концерттік бағдарламамен жалғастырып, домбырадан күй шашып, ән шырқады. Еліміздің Ата заңын, құндылықтарын насихаттайтын стенд газеті ілініп, мерекелік шара өткізілді.

o

Іс-шараны сотталғандар арасында ұйымдастырудағы мақсат – олардың еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін оятып, жасақтарда ұйымшылдық, бір-біріне деген жанашырлық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

Шараға белсене қатысқан жазасын өтеуші тұлғалар ҚР ҚАК нің 128 бабының 1,3 тармағына сай сыйақы, алғыс жарияланып марапатталды.

Осылайша, мейрамға арналған бағдарлама көтеріңкі көңіл-күй сыйлап басты мүдде — жаза басып жаңылғандарды рухани тұрғыда оңалту еді.

Еске сала кетейік бүгінгі күнге мекемеде 150-ден астам әйел жазаларын өтеп жатыр.

Атырау облысы бойынша

қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты

УГ-157/11 мекемесі бастығының

орынбасары, әділет капитаны

Медет Серикбаевич Аджикулов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521