Атыраудағы жәрмеңкеде жеміс-көкөністер арзан бағаға сатылды

«30-31 тамыз күндері «Сарайшық» коммуналдық базарында және «Мұнайшы стадионында жергілікті тауар өндірушілердің дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті» деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

cocnis3

Жәрмеңкеде көкөністер мен жемістер, жұмыртқа, бал, ет және сүт өнімдері сатылды. Сондай-ақ, жәрмеңкеде жұмыртқаны 23 теңгеден, картопты 90 теңгеден, пиязды 70 теңгеден алу мүмкіндігі болды.

Шараға 27 жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілері қатысты. - Барлығы 52 тонна көкөніс, 600 келі шошқа еті мен тауық еті, 1 тонна сүт және 50 келі шұжық өнімдері ұсынылды. Көкөністер мен жемістер сұранысқа ие болды, - дейді Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан Даулетов.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT