Атыраудың Ақжайық ауылында ауқымды жылыжайлар салынуда

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Махамбет ауданының Ақжайық ауылында салынып жатқан жылыжаймен танысып шықты»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. ⠀

Махамбет ауданы Ақжайық ауылына барған өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов 4 гектар жерге салынып жатқан жылыжай жұмыстарымен танысты. «Жұмағалиева Н» шаруа қожалығы басшысы Оспан Алмастың айтуынша, жобаның жалпы құны-1,4 млрд. теңге. Осы жылдың 4 – тоқсанында жылыжай толық пайдаланыла бастайды. Қазірдің өзінде жылыжайдың қаңқасы құрылып, электр және газ желісі тартылып қойған. Мұнда 14 адам жұмыс істеуде. Жоба толық іске асқанда 350 адам жұмыспен қамтылмақ. ⠀

«Жылыжай толық іске қосылғанда жылына 350 тонна қияр, қызанақ сынды көкөніс өнімдерін алуды көздеп отырмыз»,-дейді Оспан Алмас. ⠀

Өз кезегінде облыс әкімі де шаруа қожалығының ауқымды жобасы арқылы жергілікті тұрғындарды жұмыспен, сондай-ақ арзан көкөніспен қамту үшін мол мүмкіндік ашылатынын атап өтті. ⠀

Сонымен қатар, ауылды жердің бюджетіне ауқымды салық түсіп, Ақжайықтың өнімдері баға тұрақтылығына да оң ықпал ететініне тоқталды. ⠀

Бұдан соң облыс әкімі ақжайқтықтармен де кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жемісті еңбек тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521