Атыраулық 5-11 сынып оқушылары мектепті қашықтықтан оқиды

Атырауда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқиды, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебіндегі 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсаны қашықтан оқытылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

- Шалғайдағы ауылдық мектептер мен кезекші сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша мектеп қабырғасында өткізілетін сабақтарға қатыса алады. Облыстың 5 ауданында, атап айтсақ Қызылқоға, Құрманғазы, Махамбет, Исатай және Индер аудандарында 26 шағын жинақты мектеп бар. Ондағы оқушылар саны - 1853. Балалар бір кабинетте 10-15 адамнан ауысым бойынша оқиды, оқушылар үзіліске әртүрлі уақытта шығады. Сондай-ақ, мектепке кірер алдында әр оқушының температурасы өлшенетін болады, - дейді Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Орынтай Биманова.

Айта кетейік, Атырау облысында жаңа оқу жылында 131 мыңнан астам оқушы білім алады.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521