Ақтау қаласында өткен XIV халықаралық «SUMMER DANCE FEST» хореографиялық өнер баиқауынан «ART LIFE» студиясының бишілері 2-ші және 3-ші орынды иеленді. Бұл туралы студия басшысы Алия Саянова мәлім етті,- деп хабарлаиды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
⁃Заманауи би бағытында екі нөмірмен шығып, 2-ші және 3-ші орындарды иелендік. Студияның 10 биші қызы да бірінші рет қатысқандықтан қобалжыды, соған қарамастан бар өнерлерін көрсетті. «ART LIFE» би студиямыз Қаиыршақты ауылдық округіне қарасты Ақсаи селосында орналасқан. Алда әлі да саиыстар бар, бұдан да жақсы даиындалып, жоғары жетістіктерге жетеміз деп үміттенеміз,- деді А.Саянова.
Аталған конкурсқа Қызылорда, Талдықорған, Орал, Ақтөбеден өнерпаздар қатысты. Олар әртүрлі би түрлерінен, яғни ұлттық, жеке орындаудағы, заманауи биден бақ сынады. Қатысушылар 8-11 жас аралығында.