Атыраулық парадзюдошылар Бразилиядағы Әлемдік Гран Приде жүлде салды

 

Бразилияның Сан-Паулу қаласында парадзюдодан Әлемдік Гран При турнирінде Ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Атырау өңірінің парадзюдошылары ел қоржынына бірнеше жүлде салды, деп хабарлайды AtyrauPress.

 Айтулы додада дүние жүзінің 25 мемлекетінен келген мықты спортшылар татамиге шықты. Турнир қорытындысы бойынша атыраулық спортшылардан Смағұлұлы Ғалымжан J2 санатында (-81 кг) күміс жүлдеге ие болса, Әділбеков Абылай J1 санатында (-95 кг) қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Uтепов Ерлан (J1, +95 кг) күміс жүлдені еншілесе, Шүкірбеков Жұрқамырза (J2, +95 кг) финалда қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

 Қиянов Жандос Қарақожаұлы жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль иеленіп, Әлемдік Гран При турнирінде екінші орынға тұрақтады.

Бұл нәтиже отандық парадзюдоның халықаралық аренадағы беделін арттырып қана қоймай, алдағы әлемдік додалар мен ірі жарыстар алдында ұлттық құраманың әлеуетін айқын көрсетті. Атыраулық спортшылардың табысты өнер көрсетуі өңірдегі параспорттың жүйелі дамып келе жатқанын аңғартады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT