Атырау облысы жастарының техникалық дағдыларын дамыту мақсатында 13-24 жас аралығындағы оқушылар мен студенттерді қамтыған JasUP жобасы қорытындыланды.
Шара барысында жастар өздерінің ойлап тапқан жобаларын қорғап, талқыға салды. Ғылыми ағартушылық жоба жыл бойына "КазРоботикс" қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясының Атырау облыстық филиалы және ТШО компаниясының әлеуметтік инвестиция бағдарламасы аясында іске асырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба 6 бағытта тегін білім береді: робототехника, инженерия, 2D, 3D модельдеу, әуе, көлік, зымыран модельдеу, Python тілінде бағдарламау мен жасанды интеллект және деректерді талдау. Бұл бағыттар бойынша шеберлік сабағы, курстар, жарыстар өтіп тұрады.
JasUP жобасына осы кезге дейін 3033 жас қатысып, 8 жарыс, 6 курс, 44 шеберлік сабағы ұйымдастырылған.