Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

1 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін "Жасыл ел" жасағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтсақ, 25-тен астам экологиялық акция ұйымдастырып, облыс аумағынан 180 текше метр қоқыс шығарған, содай-ақ, 9 000-нан астам ағаштарды суарып ретке келтірді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

jasilelsar1

Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында 2 000-нан астам сарбаз қала мен облыс аудандарының аумағындағы 1467 гектар жерді тазалады. Бұдан бөлек, күзгі маусымда "Жасыл ел" сарбаздары мұнайлы өлкені көгалдандыру бойынша кең ауқымды жұмыстарды жоспарлап отыр.

jasilelsar2

- «Жасыл ел» жасағы 1 маусымнан 31 қазанға дейін жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта жастар елді мекендерді абаттандыру, жасыл желектерді күту, суару бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Барлығы 2 200 сарбаз бар, олардың 199-і күзгі маусымда жұмыс жасайтын болады. Жастар көшеттерді отырғызу бойынша еңбек етеді, - дейді «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының басшысы Абылай Құрметұлы.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT