Атыраулықтар АИТВ-ның алдын алуға арналған акцияға қатысты

Votes

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік аясында Атырау облыстық АИТВ -ның алдын алу орталығы Infinity Mall сауда ойын-сауық кешенінде кең көлемді акция ұйымдастырды. 

«Биыл онкүндік республика көлемінде «Адам құқықтары жолында дұрыс жолды таңдаңыз!» деген ұранмен өтіп жатыр.  Сондықтан, бұл іс-шараның мақсаты -  АИТВ инфекциясының алдын алу, қатысушыларға әр адамның құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеудің маңыздылығын жеткізу, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау. Жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бағыт беру»,- деді акцияға қатысқан Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Айгүл Кудаманова.
Акцияға Атырау қаласындағы бірнеше колледж студенттері белсенді қатысып, көрермендерге өз өнерлерін паш етті. Жастар дайындаған өмірдің қилы кезеңдері – жеңіл жүріс, нашақорлық, тастанды сәби тағдырын бейнелейтін флеш моб көптің назарын аударды.  
Шара барысында студенттерге АИТВ -ның жұғу жолдары, одан сақтану, науқас адамның өмірін ұзарту сұрақ-жауап түрінде ойын арқылы жеткізілді. Дұрыс жауап бергендер арнайы сыйлықтарға – тәттілер мен жеміс-жидектерге толы себеттер иеленді.  
Сонымен қатар, сауда ойын сауық кешеніне келген атыраулықтар, студенттер мен ерікті азаматтар АИТВ инфекциясына тексерілу үшін тегін экспресс-тесттен өтті.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығында 116 513 адамның қанына тегін сараптама жасалған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT