Атыраулық әскерилер өздерінің ардагерлерін ұлықтады

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылуының он жылдығын мерекелеу аясында ардагерлерді Атырау гарнизонының әскери қызметшілері құттықтады.

Салтанатты жиын Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өтті. Департамент бастығы подполковник Эльдар Шингалиев ардагерлерге Қорғаныс министрлігі басшылығының құттықтау хаттарын, «Әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін, мадақтамалар мен алғыс хаттар табыстады. Ардагерлерге мерекелік концерт ұйымдастырылды.

- Біздің ардагерлеріміз әскердің «алтын резерві». Біз гарнизонның әскери бөлімдеріндегі барлық әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысамыз, әскери ант қабылдау мен сарбаздармен тәрбие сағаттарына қатысу шараларына және әскер қатарына шақырылатын жастармен кездесулер өткіземіз, сонымен қатар жергілікті мемлекеттік органдардың патриоттық іс-шараларын үнемі қолдаймыз, - деді Қарулы Күштердің ардагерлер кеңесі төрағасы запастағы подполковник Асқар Шманов.

Гарнизонның әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері де тыс қалмады. Әскери байланысшылар өздерінің алғашқы командирі, запастағы подполковник Мұрат Дархановты айтулы мерекемен құттықтады. Ардагерге жаңа үлгідегі салтанатты шеру формасы табысталып, оның әскери бөлімнің өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, бүгінде Атырау гарнизонында 100-ге жуық Қарулы Күштердің ардагері тұрады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521