Атыраулық әскерилерге «Мәңгілік тағзым» екі томдық жинақ таныстырылды

Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған шығармашылық кеште «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілеріне Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Атырау облысының өмірі туралы «Мәңгілік тағзым» атты құжаттар жинағы ұсынылды.

e98a3450-min

Іс-шара театрландырылған қойылыммен басталды, онда әскери қызметшілер Бауыржан Момышұлының Мәскеу үшін шайқас кезінде ұрысқа дайындық эпизодын көрсетті.

Содан кейін қалалық мұрағат пен кітапхана өкілдері аңызға айналған қолбасшының өмірі мен ерліктері туралы, сондай-ақ Атырау облысының Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы айтып берді.

ascer06-min-1

Кітап Ұлы Отан соғысына қатысушылардың хаттарына, соғыс жылдарындағы мұрағат құжаттарына және басқа материалдарға негізделген. Екі томдық жинақтар әскерлер қолбасшысына және бөлімшелер командирлеріне сыйға тартылды.

Іс-шара соңында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы қонақтар мен ұйымдастырушыларға алғыс хаттар табыстап, мұндай іс-шаралар патриоттық сезімдер мен Отанға деген сүйіспеншілікті дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521