Атыраулық ата-ана мектеп ішіндегі әжетхана жайлы ренішін білдірді

Мектеп ішіндегі дәретхана елдің ашуын туғызды, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

- Міне, осы мектепте балаларым оқиды. Жиналысқа келген едім, соңғы жағдайларға байланысты мектеп ішіндегі дәретханаға бас сұқтым. Бұл арада, міне, мынандай көрініске тап болдым, унитаздар ортақ бөлмеде, бір-бірінен оқшауланбаған. Этиканы айтпағанның өзінде мұның өзі ыңғайсыз ғой, - дейді қала тұрғыны Николай.

Қала әкімдігі жағдайға түсінік беріп, мұндай келеңсіз жайт жақын арада жойылатынын хабарлады.

- Кейбір мектептерде мұндай фактілер бар. Бұл - ескі жоба, ол кезде дәрет орындары бір-бірінен оқшауланбайтын. Биыл ондайдың көзі жойылады, - деді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521