Атыраулық БАҚ өкілдері мен блогерлер біліктілік курсынан өтті

Атырау облысында бақ өкілдеріне және дін саласындағы блогерлерге арналған бір күндік біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылды.

Атырау облысы дін істері басқармасы «Ақпараттық – талдау орталығы» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбындағы семинар онлайн режимде «ZOOM» бағдарламасы арқылы өткізілді.

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы директорының орынбасары Мейірбек Құбышев ұйымдастарылып отырылған семинардың маңыздылығына тоқталып, қатысушы журналистер мен блогерлерге өз ризашылығын білдірді.

4maqpal

«БАҚ және интернет ресурстарда діни тақырыптардың өзектілігін ашып көрсету және тартымды тақырыптар таңдау» курсын «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің сату және маркетинг бөлімінің басшысы Мақпал Бисембаева өткізіп, қатысушы тілшілер мен блогерлерге ақпараттардың оқырман қауымға дұрыс жеткізілуі, тақырыптардың сайма-сай қойылуы, жазылған пікірлерге жауапты дер кезінде жазып отыру керектігі секілді мәселелерді тілге тиек етті. Одан әрмен түстен кейін жалғасын тапқан семинар уақытында «Әлеуметтік желілердегі әр түрлі діни тақырыптарды сараптай отыра көпшілікке ұсыну» тақырыбында тарихшы, дінтанушы Ернар Абзалов дәріс оқыды. Өз дәрісі кезегінде Ернар Абзалов қоғамда орын алып жатырған діни өзекті мәселелерді сараптап, оларды тілшілер мен блогерлер әлеуметтік желілелерде (фейсбук, инстаграм, вконтакте, т.б.) халыққа түсінікті, жеңіл тілде жазып жеткізу жайында айтты. Семинарға қатысқан тілшілер мен блогерлер көптеген ақпараттар легіне қанық болды және барлық қатысушыға арнайы сертификаттар мен әдістемелік құралдар табысталып, жеткізілетін болды.

Әділбек СЫРЫМОВ

Суреттер: durbi.kz сайтынан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521