Атыраулық өрт сөндірушілер бір адамды ажал аузынан алып қалды

Ағымдағы жылдың 16 маусымында "ӨСжАҚЖҚ" ММ өрт сөндірушілері тағы бір өмірді құтқарды.

Атырау қаласы 8 март көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде сплит-жүйенің жануы салдарынан өрт шықты. Одан өрт үй иесінің жиһазына және жеке заттарына таралды.

1

Диспетчерлік пультіне шақыру сағат 20:04-те түсті. Шақыруға келген 8 қызметкер мен 2 техника пәтердің кіреберіс есігі құлыпталғанын анықтап, пәтердің балконынан кіруге шешім қабылданды. 1943 жылы туған пәтер иесі есінен танып қалғаны анықталып, өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінен құтқарылып 103 қызметкерлеріне тапсырылды.

1

Құтқарылғаннан кейін егде жастағы әйел улы газбен уланып ауруханаға жатқызылды.

Подъезден 63 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала. Сағат 20:28-де өрт толығымен жойылды.

Қаза тапқандар жоқ. Өрт себебі анықталуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521