Атыраулық полицейлер синтетикалық есірткі затын сақтаумен айналысты деген күдікпен 27 жастағы тұрғынды ұстады

Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында 27 жастағы қала тұрғынынан тексеру кезінде 60 дана орам синтетикалық есірткіге ұқсас заттар табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес салмағы 33 грамм болатын синтетикалық есірткі заты екендігі дәлелденді.

- Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4 бөлімі, яғни (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде - деді Атырау облысы ПД бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Айта кетейік, бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Ұсталған азамат Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Atpress.kz

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521