Атыраулық полицейлер алаяқ жасөспірімді ұстады

Атырау облысының полицейлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен ақша алған жасөспірімді ұстады.

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

"21 маусым күні Атырау облысы Исатай АПБ-на жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оны инстаграм желісіндегі "АЙБЕК КӨМЕК" парақшасы арқылы "КИВИ" әмиянына 40000 теңге аудартып алған. Онымен қоймай жәбірленушінің "Халық БАНК" картасы мен сәйкестендipу нөмірін фотомен алдыртып есепшотынан 385000 теңге ақшасын иемденіп алған" делінген парақшада.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстары барысында қылмысқа күдіктіні тез арада анықтаған.

Кәмелеттік жасқа толмаған бұл жасөспірім Түркістан облысының 2003 жылы туған тұрғыны екен. Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтық қылықтарына қатыстылығы тексерілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521