banner_damu

Атыраулық полицейлер бір аптада хабар-ошарсыз кеткен 7 жасөспірімді үйлеріне қайтарды

4-10 қазан күндері аралығында, яғни бір апта ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша 7 хабарлама келіп түскен.

Аталған оқиғалар бойынша барлық жасөспірімдерді полиция қызметкерлері тауып, ата-аналарына табыстады.

Мысалы, 12 қазан күні сағат 00:28 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 36 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, 2021 жылдың 8 қазан күні сағат 12:00 шамасында 14 жасар ұлының тұрғылықты мекен- жайынан шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткендігін айтып, хабарлама қалдырған.

Хабарлама бойынша, полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде аталған жасөспірім аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылған.
14 жастағы жасөспірімнің айтуынша ол өзінің анасымен сөзге келіп қалып үйден кетіп қалған және осы уақытқа дейін достарының үйінде болған.

Жасөспірімнің анасы ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2 бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, қаңғыбастықпен айналысқан жасөспірім Ішкі істер органдарының есебіне алынып, жасөспірімнің ата-анасына қатысты іс-құжаттар Атырау қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жоладау үшін жинақталуда.

Өз кезегінде Атырау қаласының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада

“102” арқылы полицияға хабарласыңыз.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика