Атыраулық полицейлер қару тасымалдаған жүргізушіні ұстады

Атыраулық полицейлер қару тасымалдаған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Атырау облысы полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Патрульдік полиция қызметкерлері Алмагүл ықшамауданында «Mitsubishi Lanser» көлігін тоқтату кезінде, көлік жүргізушісі заңды талапқа бағынбай, ізін суытпақшы болған.

Тексеру барысында, жүргізушінің масаң күйде екені және көлігінен шолақ мылтық табылып, алынды.

Сот медициналық сараптама қорытындысымен жүргізушінің жеңіл дәрежелі ішімдік ішкені анықталып, оған қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» хаттама жасақталды.

Сонымен қатар, ҚР ҚК 287-баптың 3-бөлігі «Атыс қаруын, оқ-дәрілерді жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521