Атыраулық шекарашылар 4500 келі заңсыз балық тәркіледі

Оқиға қиғаш өзені бойында орын алған. Орта көлемде қозғалтқыш орнатылған су көлігін балық инспекциясымен бірге шекарашалар анықтады.

Орта көлемде қозғалтқыш орнатылған су көлігін балық инспекциясымен бірге шекарашалар анықтады. Тексеру барасында су көлігінің ішінде екі Ресей азаматы болғаны белгілі болды. Олар алты түрлі су маржанын (жалпы салмағы – 4500 кг) заңсыз аулаған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 25 млн теңгеге жуықтап отыр.

Тәркіленген балық Құрманғазы ауданы бойынша балық өңдеу кооперативіне тапсырылды. Ұсталған азаматтарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT