Атыраулық травматолог: «Көктайғақтан абай болыңыз!»

«29 желтоқсан күні түске дейінгі аралықта облыстық аурухананың жарақат пунктіне мұзға тайып құлап, дене жарақатын алған 20 адам жеткізілді» деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісі Асхат Бисенғалиевтің айтуынша, жарақат алып жүгінгендер саны өңірде бір ғана травматология бөлімі болғандықтан артып отыр.

«Көктайғақ кеше басталғанына қарамастан, бүгінгі күні жарақат бөліміне хабарласқан тұрғындар саны көбейді. Кеше, яғни 28 желтоқсан күні дене жарақатымен келгендер саны – 20 болса, бүгін таңертеңгі сағат 8.00-ден түскі 12.00-ге дейінгі аралықта бөлімшеге 20 адам хабарласты. Оның ішінде екі адамның бас, қабырға сүйектеріне жол-көлік апаты салдарынан зақым келген. Тағы екі тұрғынның тайып құлағаннан иығы шығып кеткен. Қазір олардың төртеуі де жедел түрде ауруханаға жатқызылып, ем қабылдауда. Жағдайлары - «орташа ауыр» дәрежеде бағалануда. Сондықтан, барша тұрғындарға қазіргі ауа райының қолайсыздығында көшеде жүргенде барынша сақ болып жүруді ескертемін» деді Асхат Бисенғалиев.

Айта кетейік, Атырау облыстық аурухананың жарақат пунктіне хабарласқандардың жас ерекшелігі әртүрлі. Оның ішінде жасөспірімдерден бастап жасы егде тартқан үлкен кісілер де бар. Аурухананың травматология бөлімі тұрғындарға тәулік бойына қызмет көрсетеді.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521