Атыраулық ұстаз, ғалым, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Роза Қаражігітованың мерейлі 80 жасы аталып өтті

Салтанатты іс-шарада ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің құттықтау хаты оқылды.       

Құттықтау хаттарын Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова табыс етті – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау өңіріне белгілі ғалым-ұстаздың мерейтойы өзі еңбек еткен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми кеңесінде аталып өтті. Оған университет ректоры Саламат Идрисов пен ғылыми кеңес мүшелері және ғалымның әріптес-достары қатысты.

Іс-шара барысында университет ректоры Саламат Идрисов ғылыми кеңес шешімімен Роза Қаражігітоваға алтын медаль тақты. Сонымен қатар, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы тағайындаған Ахмет Байтұрсынов медалімен марапаттап, университет атынан құттықтау хатын табыс етті.

Роза Қаражігітова қажырлы еңбегі мен тынымсыз ізденіснің арқасында 1982 жылы одақтық ғылым академиясының аға ғылыми қызметкері атағына ие болған. Ал, 1977 жылы Одақ бойынша «Изобретатель КСРО» медальімен марапатталды.

1986 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып жұмыс жасайды. Қызмет еткен ғылыми зерттеу институтында көптеген баяндамаларымен Киев, Ленинград, Мәскеу, Уфа, Ақтау, Өскемен, Алматы, Жамбыл қалаларында өткен ғылыми конференцияларға шақырту алған. Бірнеше құрмет грамоталарымен марапатталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521