Атыраулықтар жүргізуші куәлігін поштамен алдырта алады

Бүгін «Атырау Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның Атырау облыстық филиалдары арасында екі жақты ынтымақтастық жөніндегі келісім жасалды.

Енді көлік иелері жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты өтінішті ХҚО-да рәсімдеп, дайын құжатты пошта қызметі арқылы алдырта алады.   Бұған дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін облыстағы Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат және Махамбет аудандарының тұрғындары Атырау қаласының мамандандырылған ХҚО-сына жүгінсе, енді өз аудандарындағы ХҚО арқылы куәлікті жаңарту мүмкіндігі туды.

11jirgizushi-kualic

«Бұл ынтымақтастығымыз жемісті болады деп сенемін. Өйткені, шалғай аудандардың тұрғындары облыс орталығына келіп уақытын жоғалтса, әрі қаражаттарын да шығындайтын. Енді аудан тұрғындары ХҚО арқылы өтініш жолдап, өз мекенжайларын көрсетеді. Біздің қызметкерлер бұл өтінішті мемлекеттік органға жолдайды. Құжат дайын болған сәтте қаладан аудан орталығына пошта қызметі арқылы қызмет алушының үйіне дейін жеткізіледі. Өз кезегінде мерзімі өткен ескі құжатты пошташы қайта алып кетеді. Бұл да сапалы қызмет көрсетудің бір тетігі, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиал директоры Мұса Хайруллиев.

Қызмет алушылар үшін құжатты жеткізіп беру қызметінің құны 470 теңге болып бекітілген, аудандарға пошта қатынасы күн сайын жүргізілетін болады.   Айта кетейік, облыстағы екі ірі, яғни 80 мыңнан астам халқы бар Жылыой ауданы мен 60 мың тұрғыны бар Құрманғазы ауданының тұрғындары жүргізуші куәліктерін сондағы аудандық ХҚО бөлімдерінде ауыстыра алады. Онда жүргізу куәлігін  басып, дайындайтын арнайы құрылғылар бар.

11pr

Статистикаға көз жүгіртсек, биылғы жылдың 8 айында облыс тұрғындары 18 мыңға жуық жүргізуші куәлігі ауыстырған.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21