Атышулы «прокурордың әйелі» кім?

Әлеуметтік желілерде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге қоқан-лоқы жасады» деген ақпарат тарап жатыр.

Шымкент полицейлері күзетшімен жанжалдасқан әйел кім екенін анықтады.

Желіде ол «прокурордың әйелі» екені айтылған. Осы дерек бойынша 19 шілдеде Шымкент Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына «Күзет» қызметкерінен 15 шілдеде сағат 14.00-де ЖШС ғимаратында күзетшілерге тіл тигізіп, қорлаған белгісіз қызды жауапкершілікке тарту туралы арыз түскен.    

«Полицейлер әйелдің кім екенін анықтады. Ол - 1984 жылы туған жергілікті тұрғын, бұрын Д.-ға тұрмысқа шыққан, ал ол прокуратура қызметкері емес. Қазір әйел ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды», - деп түсіндірді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әйелді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды. 

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT