Қысқы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында көктайғақтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер өткелдері, әлеуметтік нысандар маңы және көпшілік пайдаланатын аумақтарға арнайы құм-тұз қоспасы себілуде. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел әрекет ету шаралары күшейтілді.
Индер -Атырау бағытындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолында мердігер мекеме тарапынан көктайғақтың алдын алу мақсатында топырақ төсеу жұмыстары жүргізілуде. Кент аумағында аталған жұмыстарға 7 бірлік арнайы техника және 28 адам жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.
Дендер Ақпарат


