АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі #birge#Taza Qazaqstan экологиялық акциясын қолға алған болатын.

Аталған акцияны қолдау мақсатында Исатай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өзінің қызметтік құзыреті шегінде өңірдегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты да іске асыратын мемлекеттік мекеме ретінде аудан тұрғындарына, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың басшыларына күнделікті өмірде көгалдандыру, қоршаған ортаның ластануы секілді экологиялық сұрақтарға назар аударуы жөнінде үндеу жариялайды.

Қазіргі уақытта елімізде қалдықтарды басқару мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Қалдықтарды басқару - Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі бойынша тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын қалдықтардың орасан көлемінің қалыптасуы бүгінде қалдықтардың әртүрлі түрлерінің жинақталуы және сақталуы бақыланбайтын күрделі экологиялық жағдайға әкелуде.

Өкінішке орай, тұрғындар арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, қоршаған ортаны ластамау, табиғат аясында сергіп, демалған соң тамақтың немесе әлдебір заттардың қалдықтарын жинап кету немесе көміп кету мәдениеті жоқтығын ескеру қажет. Каналдар мен өзендер жағалауларында да шыны және пластик ыдыстардан аяқ алып жүргісіз. Сондықтан біз әр айдың соңғы сенбісін жалпыхалықтық сенбілік күні деп белгілеп, ай сайын болатын шараға бір кісідей қолдау білдіріп, ұйымдасып, айналамыз бен қоршаған ортаны, өзендер мен өзектерді, каналдарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту үшін күш біріктіруді ұсынамыз. Сонда өндірісті өңірімізде тазалық пен жанға жайлы мұқияттылықтан туындаған жауапкершілік қанат жайып, келешек ұрпағымыз үшін сән-салтанаты келіскен сәнді де мәнді қоршаған орта қалыптастыра алатынымыз анық.

Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521