Исатай ауданында аудандық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссиясының отырысы болып өтті.
Онда күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Жиналысқа аудан әкімі Полымбет Хасанов төрағалық етті.
Бірінші мәселе – «Еңбек ұжымдары арасындағы еңбек дауларын болдырмау жөнінде жалақы көтеру, негізсіз жұмыстан босатпау, қысқарған қызметкерді әлеуметтік оңалту» бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Аслан Мұратовтың хабарламасы тыңдалды. Оның айтуынша, аудан бойынша кәсіпорындар тарапынан қызметкерлермен еңбек шартының жасақталмауы, демалыс және мерекелік күндері қызметке шыққандары үшін тиісті төлемнің жүргізілмеу, жыл сайынғы еңбек демалыстарының уақытылы берілмеу, еңбек қауіпсіздігінің сақталмау, жалақының уақтылы және толық төленбеу фактілері орын алмаған. Қызметкерлерді жұмысқа алу қолданыстағы заңнама аясында жүргізілуде. Міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері жоқ көрінеді.
Биылғы жылғы наурыз айы бойынша 1912 кәсіпкер тіркелген. Жұмыс жасап тұрғаны - 1389 (дара кәсіпкерлер 1481, шаруа қожалықтары 282).
Өткен жылы аудан бойынша 3 рет еңбек даулары бойынша жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында түсініспеушіліктер орын алған. Мәселен, «Жайықмұнайгаз» басқармасының өрт сөндіруші аутсорсинг компаниясы «Семсер» ЖШС қызметкерлері жалақының аздығын айтып бейнеүндеу жариялаған. Аққыстау-Х. Ерғалиев бағытында жол салып жатқан «Сине Мидас Строй» ЖШС-ға қарасты жол бойын суландыруға жауапты 13 дана жүк көліктері жүргізушісі өткен жылдың тоғыз айында берешектерінің бар болуы себебінен жұмыстарын орындауға наразылық білдірген. Нарын ауылына қарасты мұнай айдау зауытының аусорсинг компаниясы «Бес Мейрам»ЖШС жұмысшылары мен жұмыс берушілері арасында жалақы дауы орын алған.
Сондай-ақ хабарламашының мәлімдеуінше, облыстық еңбек инспекциясының мәліметінше, аудан аумағында қызмет атқаратын 177 мекеме-кәсіпорынның барлығы зерделеніп, тексерілген. Нәтижесінде 177 мекеменің 87-сі мемлекеттік мекеме болса, қалған 90-ы толықтай тексерілген. Оның ішінен 14 мекеменің бүгінгі таңда өз жұмысын тоқтатқаны анықталған. Қалғаны жұмыс жасап тұр. Жыл басынан бері жұмыстан қысқарған жалпы саны 22 адамның 5-еуі орталыққа жұмыссыз ретінде тіркелген. 4 адамға әлеуметтік көмек тағайындалып, тұрақты жұмысқа 7 адам қабылданған.
Екінші мәселе – «Мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шараларының атаулылығын кеңейту және арттыру, бизнес үшін микрокредиттер беру үшін тәуелділігін төмендету, кәсіпкерлік жасау үшін қолайлы орта қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру» туралы аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов пен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының басшысы Нұрым Мусин хабарлама жасады.
Олардың айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту бағытында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында аудан кәсіпкерлеріне барлығы 47 жобаға 252,7 млн. теңге несие беріліп, өз жұмыстарын бастауда. Оның ішінде «Ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті несиелендіру» бағдарламасы бойынша - 2 жоба, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша - 10 жоба, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша - 24 жоба, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша - 2 жоба, «Мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау облыстық филиалы арқылы - 6 жоба, «Жұмыспен қамтудың жол ькартасы» бағдарламасымен «Атамекен-Атырау бизнес қолдау» микроқаржы ұйымы арқылы - 3 жоба қаржыландырылған.
Өткен жылы «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 106 кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар онлайын курстан өтіп, олардың 92-сі «оқуды аяқтаған» деген сертификаттар алған. 55 адамға 32,0 млн. теңгенің қайтарымсыз гранттары берілген. 160,1 млн. теңгеге 35 жоба қолжетімді пайызды несиелермен қаржыландырылған.
Биылғы жылы да аталған жоба бойынша 80 жұмыссыз азаматтар мен өзін-өзі жұммыспен қамтушыларды онлайн курстан өткізу жоспарланып отырған көрінеді.
Комиссия отырысын аудан әкімі Полымбет Хасанов қорытындылады.
Аяпберген САЛИХОВ