Ауданда өткен маңызды кездесу

Аудандық әкімдікте Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру кездесуі өтті.

Оған, Атырау қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жанаргүл Сұлтанғалиева, «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық бірлестігіндегі Халықаралық кәсіби медиатор Евгений Неледов,  сондай-ақ аудандық бөлім басшылары, ардагерлер, кәсіпкерлер, жастар ұйымы, атқарушы және өкілетті органдар қатысты.

Жиынды бастап ашып берген аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан, ауданда ҚР-ның Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында белгіленген қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру жөніндегі тапсырмалардың орындалу жөнінде айтты.

- Ауданда 30-дан астам 9 этностың өкілдері тұрады. Этносаралық қатынастар айтарлықтай тұрақты дамуда, күні бүгінге дейін туындайтын мәселелер мен қиындықтар орын алған жоқ. Кейбір ауылдық округтерде өзге ұлттар мүлдем кездеспейді. Бір жерге шоғырланған, жинақы этностар жоқ. Жыл басынан ауылдық деңгейлерде өкілдерінің қатысуымен, этносаралық толенранттылықты, мәдениетті және діндерді құрметтеуді қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарға сай ұйымдастырылып келеді. Президент Қ.Тоқаев 16 наурызда жасаған Жолдауында мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктер жанындағы кеңесші ұйым – қоғамдық кеңестер мен қоғамдық келісім кеңестері «дала демократиясының» үлгісі деп атап, оларды күшейту керегін айтқан.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің жанында ұлтаралық татулықты және келісімді нығайту мақсатында қызмет ететін 1 аудандық құрамында 23 мүшесі, 7 ауылдық құрамында 46 мүшесі бар «Қоғамдық келісім кеңесі» жұмыс жасауда. Жалпы, бүгінгі таңда қоғамдық келісім кеңестерімен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа да салаларды қамтитын ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша аудандықта 15, ауылдықта 21 шара өткізіліп, оған 2700-дей адам қатысты.

Аудандық қоғамдық келісім кеңесі жұмысшы топтардың қатарына енгізілді. Соның ішінде аудандағы көрнекі ақпараттарға, кәсіпкерлік нысандарына ай сайын акция ұйымдастыруда белсенді түрде қатысуда. Аудан көлемінде ұлтаралық татулықты насихаттайтын көрнекі үгіт құралдары үнемі жаңартылып тұрады. Қазір ауданда 14 үкіметтік емес ұйымдар бар. Аудандық әкімдігі жанындағы кеңес, комиссия құрамында үкіметтік емес ұйымдармен енгізіліп, ашықтық қағидатын ұстанып, олардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып жүр. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қоғамдық маңызы бар шаралар ұйымдастырып, өміршең мәселелерді талқылып, оларды шешудің жолдарын бірлесіп белгілеуде, - деді ол.

«Қоғамдық келісім» КММ медиация бойынша үйлестірушісі, кәсіби емес медиатор Жаннат Асабаева, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі қызметінің басымдықтары туралы айтып түсіндірді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлбану Кабулова «Медиация институтын дамыту бойынша Исатай ауданында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.

Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ерболат Насимуллин, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе жергілікті жерлердегі және жекелеген азаматтардың өзекті мәселелерін шешу бойынша Қоғамдық келісім кеңесінің әрі қарай дамуы жайлы әңгіме өрбітті.

Спикерлерге жиынға қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521