Аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті

Сәрсенбі күні Аққыстау ауылында орналасқан Өркен орта мектебінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қазақ ақыны, жыр падишасы, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Жыр—менің планетам» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. 

 Жастар бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылықты және ақын шығармашылығына деген қызығушылықтарын ояту, жас қаламгерлердің өнерін қолдау мақсатында ұйымдастырылған сайыс барысында 5 үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Мүшәйра қорытындысы бойынша Жанбай ауылынан келген жас ақын  Сәттібек Сәдіров жүлделі 1 орынды иеленсе, аудан әкімінің кеңесшісі, жас ақын Еркебұлан Зинеденов 2 орынды місе тұтып, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 2 курс студенті Ару Азаматқызы 3 орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар, Аққыстау ауылдық округінің маманы Жайдарман Мұхтарова және Новобогат орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жігер Өтепқали алғыс хатпен марапатталды.

Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521