Аудандық музейде «Мирас» өлкетанушылар клубы ашылды

Өлкеміздің тарихын кеңінен танып, ұрпаққа насихаттау ұлы іс.

Күні кеше аудандық музейде «Мирас» өлкетанушылар клубының салтанаты ашылу рәсімі өтіп, оған клуб мүшелері, аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Махмутов, Мәдениет және спорт, дене шынықтыру бөлімі басшының міндетін атқарушы С.Шағиров және музей жанынан құралған «Тарихи мұра» жас экскурсоводтар үйірмесінің мүшелері қатысты.

y

Мүшелікке өлкетанушылар, тарихшылар және зерттеушілер сайланып, алда жасалатын жұмыс жоспарлары нақтыланды. Алда клуб мүшелері және музей қызметкерлері өлкенің тарихын зерттеу жұмыстарында өз үлестерін қосады деп сенеміз.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT