Исатай ауданының Құрметті азаматы Зелимхан Зубариев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Ардагерге бұл марапатты Атырау қаласында өткен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев тапсырды.
Айта кетейік, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ