Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

 

Биыл Ауғанстан Демократиялық Републикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына - 35 жыл. Осыған орай жуырда аудандық Жастар ресурстық орталығында Кеңес одағы кезінде Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушы әскери міндеттілер – бүгінгі ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды.


Бейресми тұрғыда ұйымдастырылған жүздесуде ардагерлерге биылғы 35 жылдық датаға орайластырылған аудан бойынша іс-шаралар жоспары таныстырылып, ұсыныс-тілектері де тыңдалды.
Кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Амиров, аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы С.Шагиров, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы М.Құрасова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Жұмалиева, аудандық Жастар ресурстық орталығы басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Смайлов салалар бойынша атқарылатын шаралар, әлеуметтік бағыттағы қолдаулармен таныстырып, туындаған сауалдарға жауап қайтарды. Сондай-ақ, осынау жылы шырайлы жүздесуге риза көңілдерін де танытқан ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, өмір жолдары жайлы әңгімеледі.
Кездесуде белгілі болғанындай, атаулы датаға орай алдағы ақпан айынан бастау алатын ардагерлер арасындағы волейболдан облыстық турнир, түрлі форматтағы кездесулер, ақпараттық жұмыстар, концерттік бағдарламалар, патриоттық әндер конкурстары және басқалары жыл бойына жалғасын таппақшы.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT