"Аула ішінде кездесу": полицейлер тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндірді

 

Атырау облысында жергілікті полиция қызметкерлері тұрғындармен ашық форматтағы кездесу өткізіп, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын түсіндіруді жалғастыруда.

 

 Шараның мақсаты — қоғам мен полиция арасындағы байланысты нығайтып, құқықтық мәдениетті арттыру және тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беру. Сондай кездесулердің бірі Атырау қаласындағы №2 полиция пунктінің аумағында өтті. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындарға хабарландыру беріп, қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидасының қалыптасуына үлес қосуға шақырған.

 

Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция қызметі, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларының мамандары қатысып тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық кеңестер ұсынды. Есірткі қылмыстары мен интернет-алаяқтардың арбауынан сақ болу үшін қажетті ақпараттар жеткізілді. Патрульдік полиция қызметкерлері ауладағы балаларға жол қауіпсіздігін түсіндіріп, сақ болу керегін ескертті. Кішкентай қонақтарға балмұздақтар таратылып, полиция қызметкерлерімен достық қарым-қатынас орнатуға бағытталған танымдық сауалнама да ұйымдастырды.

 

Мұндай кездесулер халықпен тығыз байланыс орнатуға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және полицияның ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT