Қаулы тағы өзгерді

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 қазандағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» №68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі 104-бабын басшылыққа ала отырып, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2016 жылғы 6 сәуірдегі 65-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 қазандағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» № 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2 тармақта:

1) 2 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

2) ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, жабық ғимараттардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары), фудкорт, банкет залдары, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынсын;

2) 11 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

11) сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін (ондағы азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және қоғамдық тамақтану нысандарын қоспағанда), жұмыс күндері сағат 22:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы толымдылығы сыйымдылығының 30 пайызынан аспайтын жағдайда рұқсат берілсін;

3) 17 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

17) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметіне жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін;

4) 28 тармақша мынадай мазмұнда толықтырылсын:

28) ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде кию арқылы жалпы сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын кинотеатрлардың қызметіне рұқсат етілсін;

2. 3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3. Жексенбі және мереке күндері:

1) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды, қоғамдық тамақтану нысандарын қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

2) азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;

4. Осы қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күннен бастап заңды күшіне және қолданысқа енгізіледі.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Шаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521