Ауруға араша тұрды

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептегі «Соңғы қоңырау» салтанатынан кейін 1-2 күн өткенде немереміздің үлкені Бектенова Нұрбақыт қатты қызуы көтеріліп науқастанып, түн мезгілінде амалсыздан жедел жәрдем шақырттық.

Олар алғашқы көмегін беріп, участок дәрігерлеріне тез қарату керектігін кеңес етті.

Участоктегі дәрігер Мұхамбетқалиева Айгүл бір мезетте барлық анализін айыртып, рентгенге түсіртіп, жедел станционарлық емге жолдама берді. Аудандық ауруханада кезекші дәрігер терапевт Сәндібаев Сержан немеремді қарап, қатты салқын тиген тез арада емдеу шарасын алу керектігін, бірақ порталсыз болмайтынын айтты. Дәрігерлер Қабулова Нұргүл, Қабделов Ғалымжан, Сәндібаев Сержан, аурухананың бас дәрігері Төлеген Бауыржан өзара кеңес жасап, немеремізді шұғыл ауруханаға жатқызды.

Анализдерін алып, ауруын анықтап, нәтижелі ем берудің арқасында немеремнің беті бері қарап, денсаулығы қалыпқа келді. Мұнда дәрігерлердің берген емдерін сапалы жасаған орта буын медбикелер Даришева Кенжегүл, Уалижанова Ақкенже, Әбілқайырова Алтынай, Зұлпыхарова Әнім және кіші қызметкер Биекенова Ғалияның еңбектері де көп.

Енді бүгін қолға қалам алып, аудандық аурухананың дәрігерлері мен басқа да қызметкерлеріне отбасымыз атынан аналық жүргімнен шыққан үлкен алғысымды білдіріп, жемісті еңбекте болсын демекпін.       

Ұлдай ІЗТЕЛЕУҚЫЗЫ.

     Тұщықұдық ауылы

                                                                     

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521