"Ауылдарға сапалы интернет керек". Заң жобасы мақұлданды

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті.

Онда депутаттардың өздері бастамашы болған ауылды сапалы интернетпен қамту туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған заң жобасында елді мекендерді ұялы байланыспен қамтып, желінің сапасын арттыру үшін байланыс операторларына телекоммуникациялық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану ұсынылады.

Осы жөнінде Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин: Еліміздің цифрлық даму жолында интернет мәселесінің басты назарда екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Әсіресе, ауылды жерлерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету - бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық Кеңес отырысында білім және денсаулық салаларын заманға сай реформалау туралы айтқан болатын. Осы жолда, әрине, цифрлық және электрондық қызметтердің қажеттілігі өте маңызды, - деді.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, осы заң жобасы ауыл тұрғындарын сапалы және қолжетімді интернетпен қамтамасыз етуге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Жалпы бұл құжат ауылдық елді мекендерді интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Сонымен қатар, байланыс объектілерін салу кезінде жер учаскелерін ресімдеу бойынша рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға және байланыс операторларының барлығына телекоммуникациялық инфрақұрылымға тең қол жеткізу мүмкіндігін беруге бағытталған.

sn.kz

Cурет: ашық дереккөзден

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21