«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Исатай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 7 қарашаға Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Ауылдық округтің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі құрылды.
2021 жылғы 7 қарашаға тағайындалған Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 9 қазаннан басталады, 2021 жылдың 22 қазаны, сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу 2021 жылғы 9 қазаннан басталады, 2021 жылдың 27 қазаны, сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау туралы ақпараттар тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылатын болады.